Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотты болған 8 адам электрондық қадағалау құралдарының көмегімен бақылауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы ПД-ға электрондық білезіктің көмегімен бұрын сотталған адамдардың жүрген жерін бақылау жүйесі енгізілді. Бұл сотты болған адамның сот белгілеген тыйымдар мен шектеулерді сақтауын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Аталған жүйе есепте тұрған адамның қозғалысы кезіндегі кез келген ауытқуды анықтап, ол жөнінде бірден полиция қызметкеріне хабар береді.
Білезіктің өзі бүлдіруге төзімді жүйемен жабдықталған. Оны өз бетінше ашу немесе шешіп тастау мүмкін емес. Білезікті шешіп тастауға тырысқан жағдайда сигнализация іске қосылып, полицейлерге бірден хабар келеді.
Білезікті тағып жүру есепте тұрған адамның өмір сүру сапасына кері әсерін тигізбейді, оны қоршаған ортаның кез-келген жағдайында қолдану қауіпсіз.
Осындай бақылау әдісін қолдану бұрын сотталған адамдардың құқық бұзушылықтарды қайталап жасауын айтарлықтай азайтып, тәртіптік және тәрбиелік ықпал етеді.