Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ер адам автокөліктердің нөмірін шешіп алып, орнына ақша талап еткен

Елордада автокөліктерден мемлекеттік нөмір ұрлаған және ол үшін сыйақы талап еткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны Байсейітов көшесінде белгісіз біреу оның Huyndai Elantra автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ұрлап кеткені жөнінде арызданды. Елордалық полиция қызметкерлері бопсалаушыны ұстады. Ол бұрын сотталған 25 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Қылмыскердің іс-қимыл схемасы өте қарапайым. Ол көлік құралдарынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді шешіп, автокөліктің маңдайшасында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгіні қалай қайтарып алуға болатынына қатысты жазба мен Telegram-каналына сілтеме қалдыратын болған. Содан кейін күдікті көлік иелерінен хабар күткен. Көлік құралдарының иелері кері байланысқа шыққанда қаскүнем оларға ақша аударулары үшін банктік карталардың нөмірлерін немесе абоненттік нөмірлерді жолдаған. Өз қызметі үшін ол 10 мың теңге сұраған.

Қазіргі уақытта бопсалаушының әрекеттерінен сегіз адам зардап шеккені белгілі болды.

Аталған фактіге сәйкес “Бопсалау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды