Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда тұрғындарға 39 млн теңге шығын келтірген әккі алаяқ ұсталды

Қарағандыда тұрғындарға 39 млн теңге шығын келтірген әккі алаяқ ұсталды
Фото: pixabay.com

Қарағандыда пәтерге күрделі жөндеу жүргіземіз деп елді алдап, 39 миллионнан астам шығын келтірген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы азаматшаны ұстады. Қала тұрғыны өзін фирма өкілі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге пәтерлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп хабарлама берген. Олар өздерінің жұмысын арзан бағаға қойған.

Аталған ақпарат жөндеу жасамақшы болған бірқатар қала тұрғындарының назарын аударған. Алайда, тұрғындар жарнама берушінің жөндеу жасау үшін алдын ала ақы төлеу керек екеніне еш күдіктенбеген.

Бір тұрғын оған алдын ала 3 миллион теңге ақша аударса, екінші жағдайда қала тұрғыны 1 миллион 500 мың алдын ала ақша жіберген. Жәбірленушілер жарнама берушінің есеп-шотына бірнеше мыңдап қаражат аударған. Ақшаны алып алған алаяқ олармен байланысын үзіп, із-түссіз жоғалған.

Полиция қызметкерлері әккі алаяқты қолға түсіріп, оның осыған ұқсас 27 қылмысқа қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 39 миллион 400 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске нүкте қойылып, іс сотқа жолданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді