Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақтарға АҚШ визасын алу оңай бола ма — елші Розенблюмнің жауабы

Қазақтарға АҚШ визасын алу оңай бола ма — елші Розенблюмнің жауабы
Фото: 7kun.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм қазақстандықтарға Американың визасын алу рәсімін жеңілдету жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«ЕНДІ ВИЗА АЛУ ҮШІН КЕЗДЕСУГЕ КЕЛУДІҢ ҚАЖЕТІ БОЛМАУЫ МҮМКІН»

Біз қазақстандықтар үшін виза алу рәсімін жеңілдетуге бағытталған маңызды шараларды қолға алдық. Байқаған болсаңыздар, соңғы бір-екі жылда виза алу үшін сауалнамаға немесе кездесуге келу уақыты айтарлықтай қысқартылған болатын. Яғни, құжаттарды тапсырып, кездесуді күту аралығы - барынша қысқартылды. Егер қазақстандықтар АҚШ визасын алған болса және екінші рет визаға өтініш тапсырған болса, онда оларға виза алу үшін кездесуге келудің қажеті де болмауы мүмкін, — деді ол Ulysmedia тілшісі қойған сұраққа.

«АҚШ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАРУ-ЖАРАҚ БЕРУГЕ ДЕ ДАЙЫН»

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі АҚШ-тың елімізге қару-жарақты көптеп беруге дайын екенін айтқан еді.

АҚШ жалпы айтқанда, Қазақстанға көптеп қару-жарақ беруге қарсы емес. Осы мақсатта біздің елдер тығыз байланыс орнатқан. Біздің ел Қазақстанды қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын. Ол үшін әрине, әуелі келіссіздер болу керек, - деді ол.

Еске сала кетсек, жақында Қорғаныс министрлігі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қарулы Күштердің оқу-материалдық базасын жақсартқаны белгілі болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты