Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Париж-2024: ағылшындар өзбек боксының бас жаттықтырушысының өмірін сақтап қалды

Париж-2024: ағылшындар өзбек боксының бас жаттықтырушысының өмірін сақтап қалды
Фото: Instagram/tulkin_kilichev

Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев 2024 жылғы Олимпиадада шәкірті Хасанбой Дусматовтың жеңісіне қуанғаны соншалық, жүрек талмасына ұшырады. Британдық дәрігерлер дефибриллятордың көмегімен тәлімгердің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

The Guardian ақпаратынша, Тулкин Киличев жаттығу аймағында "алтынды" тойлау кезінде, өзін нашар сезінген. Осы сәтте Ұлыбритания құрамасының дәрігерлері Хардж Сингх пен Робби Лиллис дереу көмек көрсетіп, дефибрилляторды қосып, жаттықтырушыға жасанды тыныс берді.

Көп ұзамай тәлімгер есін жиды.

"Олар жаттығу аймағында болды. Бір кезде қуаныштың даусына ұқсамайтын айқайларды естідік. Олар дәрігерлерді шақырып, көмек сұрай бастады. Мен барған кезде әріптесім жүрек-өкпе реанимациясын жасап жатты. Адамдарды тарату үшін бізге біраз уақыт қажет болды. Киличевтің жүрек соғу жиілігін талдағаннан кейін электр тогын қолдану туралы шешім қабылданды".Ағылшын физиотерапевті Робби Лиллис

10 тамызда Парижде Бокстан олимпиадалық турнир аяқталды. Жарыстың бұл түрінен өзбек споршылары бес алтын медальды қанжығаларына байлады. Бұл жетістікке Хасанбой Дусматов, Әбдімәлік Халоков, Асадхуджа Муйдинхуджаев, Лазизбек Муллажонов және Баходир Джалолов жетті.

Қазір 41 жастағы Тулкин Киличев Париж клиникаларының бірінде емделіп жатыр.

Тулкин Киличев 2014 жылдан бастап бокстан Өзбекстан құрамасын дайындайды. Оның шәкірті Хасанбой Дусматов осы уақыт ішінде өз елі үшін екі "алтын" жеңіп алды. Парижге дейін ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро ойындарында бірінші орын алған болатын.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында біздің спортшымыз Сәкен Бибосынов дәл осы Дусматовқа есе жіберген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді