Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шетелдік анықталды

Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шетелдік анықталды
Фото: polisia.kz

Өткен демалыс күндері Алматы облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында орналасқан үш кірпіш зауыты мен “Алтын Орда” сауда-логистикалық орталығын тексерді.

– Нәтижесінде ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 175 шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан 95 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – атап өтті облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарыкбасов.

Статистика көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі ҚР аумағына жұмыс істеу үшін кірген. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

– Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және шетелдіктердің болуы туралы ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға ӘҚБтК бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей “e-Qonaq” электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп толықтырды Р. Жарыкбасов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді