Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді жауапқа тартты

Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді жауапқа тартты
Фото: polisia.kz

Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған 1200-ден астам шетелдікті жауапқа тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1200-ден астам шетелдікті Алматы облысының полицейлері 3-9 маусым аралығында өткен “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жауапкершілікке тартылды.

– ЖПІШ өткізу кезінде өңірдің полицейлері көші-қон заңнамасы саласында 1582 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 1272-сі шетелдіктер, 310-ы ҚР азаматтары, 37-сі ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін жазаланды. Қабылдағыш-дистрибьюторға жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 44 адам қамауға алынды, – деді көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Лейла Асыл-Кеней.

Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында ҚР аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

– Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148-қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей “e-Qonaq” электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп толықтырды Л. Асыл-Кеней.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді