Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында 17 шетелдік азамат елден шығарылды

Жетісу облысында 17 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында 17 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Профилактикалық іс-шараның 5 күнінде Жетісу полицейлері ҚР заңнамасын бұзғаны үшін көрші елдердің 17 азаматы ел аумағынан шығарды. Бұл туралы облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков Жетісу өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте айтты.

– Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарына, қонақүйлерге, жатақханалар мен азаматтардың көп жиналатын орындарында заңсыз жүрген шетелдік азаматтардың анықтау бойынша тексеру жүргізді. Небәрі 5 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 388 дерегі анықталса, оның 249 шетелдіктер, қалған 139 дерегін Қазақстан Республикасының азаматтары жасаған, оның ішінде 23-і – шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту бойынша болған. Сот қаулысымен 17 шетел азаматы өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін елден шығарылды. Сондай-ақ іс-шара барысында іздеуде жүрген екі азамат ұсталып, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 20 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – деді ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Райымбеков.

Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында елге кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, сондықтан полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

– Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей “e-Qonaq” электрондық визалық көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп толықтырды Е.Райымбеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді