Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана полицейлері ұрыны қылмыс үстінде ұстады

Астана полицейлері ұрыны қылмыс үстінде ұстады
Фото: pixabay.com

Астана полицейлері ұрыны қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицияға 102 арнасы арқылы жүгініп, тұрғын үй кешенінің тұрағында күдікті әрекеттер жасап жүрген белгісіз адамды байқағанын хабарлаған. Ол көліктердің есіктерінің тұтқаларын тартып көрген, салонға кіруге тырысқан сияқты.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп, 21 жастағы жігітті ұстады.

Қаскүнем сол жерде тұрған Honda көлігінен әмиянды ұрлағанын мойындады. Оның ішінде 18 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат болған.

Полиция заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды автокөліктерден жасалынатын ұрлықтың алдын алу үшін сақтық шараларын қолдану қажеттігі туралы ескертеді. Бағалы заттарды көліктерде қалдырмау ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады