Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қонақүйлердің Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы делегацияларды қабылдауға дайындығы көрсетілді

Астанада қонақүйлердің Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы делегацияларды қабылдауға дайындығы көрсетілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қонақүйлердің Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы делегацияларды қабылдауға дайындығы көрсетілді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы ДКО-ға келетін делегациялар орналастырылатын қонақ үйлердің дайындығы мен жұмысын ұйымдастыру бойынша презентация өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дирекция басшысы Наиль Нұров Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа қонақүйлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды ұсынды. Атап айтқанда, жұмысты ұйымдастыру, келу маршруттары, навигация, ойын стиліндегі көлікті безендіру, сондай-ақ қонақ үйлердегі еріктілердің жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар делегация мүшелерін орналастыру үшін нөмірлер туралы ақпарат берілді.Одан кейін жұмыс тобы нысанның ойындарға дайындығымен танысу үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барды.Жауапты мамандар нысанға кіруді басқару және бақылау жүйесін, сондай-ақ билеттерді тексеру және аккредиттеу процесін тексерді. Сонымен қатар бейдждер мен билеттердегі QR кодтарын қолдана отырып, көрермендердің кіруі қалай ұйымдастырылатыны егжей-тегжейлі зерттелді.Айта кету керек, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.Астанада өтетін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді