Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында волонтер бола алады

Астаналықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында волонтер бола алады
Фото: Астана қ.әкімдігі

8-15 қыркүйек аралығында Астанада тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Айтулы іс-шараны өткізу кезінде елордалық колледждер мен жоғары оқу орындарының мыңға жуық студенті волонтер ретінде тартылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Волонтерлер қатарына қабылдау туралы түсіндірілетін кездесулер сериясы елордалық оқу орындарында өтеді.

«Біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында студенттерді іріктеуді ұсынамыз. Бұл жұмыс ойындарға дайындық дирекциясымен бірлесіп жүргізіледі. Бізде сайттар мен әлеуметтік желілерде танысуға болатын белгілі бір критерийлер бар. Аса шектеулер жоқ. Сондай-ақ халықаралық еріктілердің қатысу мәселесін қарастырамыз. Болашақ үміткерлердің негізгі критерийлері шет тілдерін, әсіресе, ағылшын және түрік тілдерін білуі керек. Жарысты өткізу кезінде жастар арнайы құрал-жабдықтармен, тамақпен және көлікпен қамтамасыз етілетін болады.  Тұрғын үйге келетін болсақ, бұл жағы қанша адамды қабылдайтынымызға байланысты болады, өйткені студенттер арасында қалалық және басқа қаладан келгендері де бар. Барлық мәселелер ретіне қарай шешілетін болады", - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев журналистерге.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, 18 жастан асқан тұрғындар волонтер бола алады. Олардың көмегі келесі бағыттар бойынша қажет болады: қатысушыларды қонақтармен қабылдау, аккредиттеу орталықтары мен қонақ үйлерге апару, спорттық іс-шаралар өткізілетін кешендерге көмек көрсету, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, ойын кезінде қатысушыларға тамақ жеткізу және т. б.Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжам бойынша V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 100-ден аса елінің 4 мыңға жуық өкілі қатысады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты