Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су тасқыны салдарын жою: Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Су тасқыны салдарын жою: Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі ҚР Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс.

Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі:

1. Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая; 

2. Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка; 

3. Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора).

Еске сала кетейік, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі таңда оның 40%-дан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр.

Сондай-ақ бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды.

Зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу және инфрақұрылымның барлық түрін қалпына келтіру мәселелері Үкіметтің қатаң бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты