Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет су тасқынынан кейін Қостанай облысында электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі

Үкімет су тасқынынан кейін Қостанай облысында электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты Қостанай облысының оңтүстік аудандары су астында қалды. Соның салдарынан әуедегі электр желілері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың тіректері астындағы топырақ шайылып кетті. Бұл олардың зақымдалуына және 37 елді мекеннің тұрғындарын электрмен жабдықтауды шектеуге әкелді. Техникалық тексеріс қорытындысы бойынша 989 зақымдалған тірек анықталды.

Бүгінгі таңда барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау уақытша схема бойынша қалпына келтірілді. Жөндеу бригадалары су тасқынының салдарын мүмкіндігінше тез жою үшін жұмысты жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жүргізіліп жатқан жұмыс барысына түсініктеме берген болатын.

Барлығы 12 мың тұрғын үй (ЖТҚ) және 26 мың саяжай учаскелері су астында қалды. Зақым келген 17 982 үйге тексеру жасалып, 15 685-ін бағалау жұмысы аяқталды. Олардың жартысына жуығы жөндеуді және қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға 38,6 млрд теңге бөлініп, 5823 отбасы өтемақы алды.

8 мыңнан астам үй апатты деп танылды. Олар бойынша азаматтардың талап-тілегіне байланысты залалды өтеудің 2 нұсқасы қарастырылған: қайталама нарықта пәтер немесе үй сатып алу; үй салып беру.

3155 отбасы жаңа баспана алды. Өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғын үйді қалпына келтіруге және салуға 251 млрд теңге бағытталды.

Сонымен қатар инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымға және жолдарға зиян келді. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам энергиямен жабдықтау тіректері қирап, 54 км желі үзілді. 40%-дан астамы бүгінде қалпына келтірілді, жаз айларында жұмыс қарқыны артады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті