Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде интерактивті инвестициялық карта әзірленді

Елімізде интерактивті инвестициялық карта әзірленді
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазақстанда инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған интерактивті карта әзірленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Атамекен» палатасы елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған Қазақстанның экономикалық реформалары процесіне белсенді қатысады және шетелдік инвестициялар үшін «ашық есік» саясатын ұстанамыз. Үкіметпен тұрақты және болжамды салық режимін қамтамасыз ету, сот жүйесін жетілдіру және әділ кәсіпкерлік ортаны құру бойынша ынтымағымыз берік. Ұлттық палата бейінді мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп «бір терезе» қағидаты арқылы мемлекеттік қолдау шараларына ашық және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйені құру үшін белсенді жұмыс істейді», - деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов елордада өткен ШЫҰ мүше елдер өкілдерінің қатысуымен өткен іскерлік кеңес отырысында.

Сондай-ақ, палата басшысы цифрлық интерактивті инвестициялық карта әзірленгенін тілге тиек етті. 

«Біріншіден, интерактивті карта жергілікті жерлерде инвестициялық жобалардың неғұрлым объективті іске асырылуын бақылауға мүмкіндік береді. Екіншіден, өңір және тұтастай ел ауқымында шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің мониторингі. Сонымен қатар, бұл карта инвесторлар мен инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты біріктіретін бірегей дерекқор. Карта әлеуетті инвесторларға Қазақстандағы мүмкіндіктер мен жобалар, сондай-ақ бизнесті жүргізу шарттары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді. ШЫҰ іскерлік кеңесінің құрметті мүшелері мен бизнес өкілдерін осы платформаға қатысуға шақырамын», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 66 млрд долларға жеткен. 

Сондай-ақ, ШЫҰ елдерінен былтыр Қазақстанға 4,6 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылған.

Айта кетсек, ШЫҰ елдері бірлескен инжинирингтік хаб құру ұсынылды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді