Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мас танысының атына несие рәсімдеген: Ақмола облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Мас танысының атына несие рәсімдеген: Ақмола облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында танысына ішімдік ішкізіп, оның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 маусымда Зеренді ауданының полиция бөліміне алаяқтық туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам танысы оның атына банктен 2 млн теңге шамасында несие рәсімдегенін хабарлады.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғынын анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында күдікті әйел жәбірленушіге ішімдік ішкізіп, автокөлікпен облыс орталығына алып келген. Көкшетауда әйел жәбірленушіге банк филиалдарының бірінде бірлескен несие рәсімдеуді ұсынды. Алаяқ әйелдің айтуынша, оған тек қатысу және бір селфи қажет болған. Алайда кейінірек алаяқ өтініш берушіге банктік несие мақұлданбағанын айтып, сендірген.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты