Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында тұрғындарға өтеусіз субсидия уәде еткен күдікті ұсталды

Алматы облысында тұрғындарға өтеусіз субсидия уәде еткен күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындарына өтеусіз субсидия алып беруге уәде берген алаяқ әйел қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Қарасай аудандық полициясына алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел мемлекет беретін өтеусіз гранттарды алуға, сондай-ақ тұрғын үй қорынан пәтер алуға көмек көрсетуге уәде еткен.

Залалдың жалпы сомасы 30 миллион теңгеден асқан.

– Алаяқ сенімді азаматтарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде берілетін өтеусіз грант алуға көмектесуге уәде берді. Бұл ретте қажетті шығыстарға, сондай-ақ жаңа бизнесті бастауға және дамытуға өтінімдерді мақұлдау үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің 10%-ын төлеу қажет деп мәлімдеді. Сонымен қатар алаяқ мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру бойынша алаяқтық схемалармен жұмыс істеді. Барлық жағдайда іс-әрекеттер тек уәделермен шектелді, – деп атап өтті Қарасай АПБ бастығы Елзат Қанатұлы.

Полиция қызметкерлері алаяқты анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта оның оннан астам осындай қылмыстарға қатысы бар екендігі дәлелденді. Тергеу кезеңінде күдікті үй қамауында ұсталады.

Қазақстандықтарды алдау әрекеттерінің жиілеуіне байланысты өңір полициясы азаматтарды мұқият болуға және белгілі бір ақшалай сыйақыға гранттар, субсидиялар, несиелер және өзге де қаражаттарды алуға көмектесуге ниет білдірген күдікті адамдар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Сіздер осындай қызметтерді алуда арнайы қорлар мен қаржы ұйымдарынан білікті кеңес пен көмек ала алатындарыңызды есте сақтаңыздар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді