Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық Мария Агапова қарсыласын үш минуттың ішінде жеңді

UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетті. Мария Агапова UFC on ESPN 10 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бүгін таңертең Американың Лас-Вегас қаласында көрерменсіз өткен UFC on ESPN 10 турнирінде америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жек өткізді. Бұл айқас Мария Агапованың жеңісімен аяқталды.


23 жастағы қазақстандық спортшы үш минуттың ішінде қарсыласынан басым түсті. Осылайша бұл оның спорт жолындағы тоғызыншы және UFC алаңындағы бірінші жеңісі болды. Ал Сайферс осымен алтыншы рет жеңіліске ұшыраған.


Еске сала кетейік, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз.


Ол әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.




Фото: Explica.co
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады