Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай полицейлері виртуалды нөмірлерді сатқан алып-сатарды ұстады

Қостанай полицейлері виртуалды нөмірлерді сатқан алып-сатарды ұстады
Фото: polisia.kz

Қостанай полицейлері виртуалды нөмірлерді сатқан алып-сатарды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қозғалған іс шеңберінде абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды заңсыз құру, пайдалану, тарату фактісі тексеріліп жатыр.

Бұл құқық бұзушылық үшін жарты миллион теңгеден астам ірі айыппұл немесе қырық тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Cyberpol бөлімшесінің бастығы Олжас Магыпаров оқиғаның мән-жайын айтып берді.

40 жастағы қостанайлық simbox көмегімен абоненттік нөмірлерді қосумен айналысқан. Бұл құрылғы қаскөйлердің өздерінің қылмыстық схемаларында қолдана алатын SIM-карталарын виртуалды тіркеуге арналған. Оған бір мезетте 64 Sim-картаны қоюға және оларды виртуалды нөмірлерді сататын әртүрлі интернет-сайттарда қосуға болады.

Мысалы алынған бокстардың бірінен абоненттік нөмір бойынша сәйкестік анықталды. Оған алаяқтар WhatsApp-ты тіркеп, өздерін мемлекеттік қызметші ретінде таныстыра отырып, одан әрі адамдарға қоңырау шалған.

Қостанайлық тұрғын 300-350 теңгеден Sim-карталарды көтерме бағада сатып алып, олар simbox арқылы іске қосылғаннан кейін бірнеше рет интернетте қайта сатып отырған.

Ол абоненттік нөмірлерді сату сайттарының бірінде сатушы ретінде тіркелгені және осы нөмірлерді пайдалану құқығын ақшалай сыйақы үшін әкімшіге бергені анықталды.

Алып-сатардан 9 құрылғы, 3 ноутбук және 1500 Sim-карта тәркіленді.

Ведомстводағылар тұрғындарды өздерінің жеке банктік шоттарын, карталарын және ЖК деректемелерін үшінші тұлғаларға сатпауға шақырады. Оларды алаяқтар жеке мақсатта пайдалана алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді