Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Қызылорда облысында 50-ден астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген

Биыл Қызылорда облысында 50-ден астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында жыл басынан бері 182 алаяқтық тіркелсе, оның 52-сі – интернет алаяқтық қылмысы, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Баймағанов интернет-алаяқтарының алдын алу шаралары туралы ақпаратымен бөлісті.

– Қазіргі таңда ғаламтор желісі арқылы жасалатын қылмысты болдырмау, оларды ашу бағытында Қызылорда қалалық полиция басқармасында тұрақты “CyberPol” жедел тергеу тобымен жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Алаяқтықты жасаудың негізгі және басты себептері азаматтардың сенгіштігі болып отыр. Осындай қылмысты ашу және тергеуде біршама қиындық кездеседі. Өйткені, қылмыскер үшінші адамға тіркелген әртүрлі банк карталарды, сондай-ақ әртүрлі абоненттік нөмірлерді, ақша шешіп алу үшін жалған адамдарды пайдаланады. Аталған қылмысты ашу үшін заң жүзінде алынған деректерді мұқият талдау қажет және бұл нақты ұзақ уақытты талап етеді. Бүгінде интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмысының алдын алу, болдырмау бағытында біршама іс-шаралар атқарылып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы, қандай сақтық шараларын сақтау керектігі де түсіндіріліп жатыр. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін тұрғындар сақтық шаралары ретінде жеке деректерін қатаң сақтауы керек. Оған қоса өзіне тиесілі пластикалық карталардың мәліметтерін, SMS-кодтар мен құпия сөздерді ешкімге айтпауға және белгісіз әрі тексерілмеген сайттарға төлем жасамауларын сұраймын. Сонымен қатар телефон мен компьютерге TeamViewer, AnyDesk және RustDesk деп аталатын арнайы бағдарламаларды орнатпауға шақырамын, – деді Баймағанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді