Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Температуралық фонға келетін болсақ, республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 жылыға дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 27-35 жылыға дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі.