Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында шаруа қожалықтарында су басып жатыр

Атырау облысында шаруа қожалықтарында су басып жатыр
Фото: бейнескриншот ulysmedia.kz

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, қала бойынша 265 шаруа қожалықтың 37-сін, яғни 3120 гектар аумақты су басқан. Оның ішінде Соколок өзені бойы, Алмалы мен Еркінқала ауылдық округтері бойынша суда қалған 18 мал шаруашылығы, 19 егін шаруашылығы тіркелген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік не дейді

Бүгінде Қайыршақин, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтері мен Атырау қаласында 180 шаруа қожалығын су басу қаупі бар.

Су басқан шаруа қожалықтарындағы мал басы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны мен үйлерді су басу жағдайы орын алған жоқ. Алайда, "Алтын сазан" демалыс орны мен "Адай" дүкені зардап шекті. Қазіргі уақытта әкімдік тарапынан қиын жағдайда қалған шаруа қожалықтарына техника, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар, бөгет салу, және малға қажетті жем-шөппен көмек көрсетілуде, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Өтемақы төленеді

Қауіпті аймақтарда тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығына келген шығынды өтеу бойынша қалалық комиссия құру жоспарланып, сол арқылы шаруа қожалықтарының иелеріне өтемақы төленбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты