Ср, 09 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген “синтетиканы” жойды

Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген “синтетиканы” жойды
Фото: www.pexels.com

Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың 12 қазанында Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тасжолында есірткі сақтады деген күдікпен 35 жастағы азаматшаның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Полиция қызметкерлері көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында ішінде ұнтақ тәрізді заттары бар полимерлік пакетті анықтады.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың жалпы салмағы 2,7 келі есірткі заты екені белгілі болды. Сондай-ақ қарағандылық тәртіп сақшылары күдіктінің Астана қаласындағы пәтеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ол жерден ерекше иісі бар ақ түсті 282 грамм ұнтақ тәрізді заттарды анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл заттардың синтетикалық есірткі екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментіне қарасты Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына жүктелді.

Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық іс бойынша қаулының шешіміне сәйкес есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген есірткі жойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты