Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция АҚШ азаматына туыстары туралы ақпаратты іздеуге көмектесті

Полиция АҚШ азаматына туыстары туралы ақпаратты іздеуге көмектесті
Фото: polisia.kz

Полиция АҚШ азаматына туыстары туралы ақпаратты іздеуге көмектесті. Қазақстанға келген ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып тағзым етті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді. Оның әкесі – ұлты еврей, Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған. Полиция мұрағатында ұлының өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.

– 2022 жылы ата-анамның 1942 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғанын білдім. Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәліметтер болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық, – дейді Джефф Шайнгольд.

Қазақстанға келген шетелдік ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып, тағзым етті. Олар ата-анасының қымбат бейнесін жадында сақтау үшін естеліктерімен бөлісті.

Айта кету керек, облыстық полиция департаментінің мұрағатында 30 мыңнан астам құжат сақталған. Бұл құжаттар туыстарының тағдыры туралы мәлімет іздеген жүз мыңдаған адамдарға, сонымен қатар тарихи ақпаратты толығымен қалпына келтіру үшін ғалымдар, журналистер мен тарихшылар үшін өте маңызды.

Арнайы мұрағаттың әлеуметтік-саяси маңыздылығы тек Қазақстанның ғана емес, шетел азаматтарының хаттарында да атап көрсетілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты