Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда полицейлері үш күнде 22 мас жүргізушіні ұстады

Елорда полицейлері үш күнде 22 мас жүргізушіні ұстады
Фото: pixabay.com

Елорда полицейлері үш күнде 22 мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Үш күн ішінде елорда аумағында 500-ден астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Наркология және психиатрия орталығына медициналық куәландыру жүргізу үшін 22 жүргізуші жеткізілді. Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін барлық жүргізушіге қатысты 15 тәулікке қамауға және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғатын әкімшілік іс қозғалды. Іс-шара барысында бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 3 жүргізуші ұсталды, 700-ден астам жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған, 5 жүргізуші қарсы жолға шықты және 19 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді