Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлеуді тапсырды

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлеуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың, батыс өңірлердің, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әкімдерінің су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысы атап өткендей, елімізде су тасқыны жағдайы біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады.

Жұмыс уақытында ТЖ аймақтарынан барлығы 119 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бүгінде Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылдануда.

Үкімет басшысы Министрлер Кабинетінің назарын су тасқыны кезінде зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу жұмыстарына аударды. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.

Сонымен қатар Премьер-Министр кейбір өңірлерде су басу қаупі әлі де сейілмегенін атап өтті. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде. 

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне әкімдіктермен бірге су тасқынына байланысты жағдайға бақылауды күшейтуді жалғастыру және және қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Экология министрлігі су объектілері мен өзендерде гидробекеттер санын ұлғайтуы қажет.

«Өңір әкімдіктері су басқан үйлерді, ғимараттар мен нысандарды тез арада техникалық тексеруді аяқтасын. Су кеткен жерлерде көпке созбай, тасқыннан кейінгі тазарту, дезинфекциялау және қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тұрғын үйлерді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жергілікті жерлердегі барлық жұмыстарды үйлестіру үшін жедел топ құру тапсырылды.

«Құрылыс және жөндеу жұмыстарының нақты жоспары қажет. Бұл жағдай бізге инфрақұрылымды жаңартуға, елді-мекендерді көріктендіруге жаңаша көзқарасты қалыптастырады. Оның үстіне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Таза Қазақстан” ауқымды акциясы басталды. Баршаңызға Президенттің сөзін естеріңізге салғым келеді, бұл бір реттік акция немесе науқан емес, тұрақты жұмысқа айналуы керек. Бұл елді-мекендерді көріктендіруге қатысты жаңаша көзқарас қалыптастырады», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді