Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдады

Олжас Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдады
Фото: pixabay.com

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, жекелеген өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысына қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өңірлерде қалыптасып отырған ахуал туралы баяндалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам, 700-ге жуық техника, 290-нан астам су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылған. Жұмыстар іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізілуде. «Жедел желі» телефондары: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, сонымен қатар өңірлік байланыс орталықтары жұмысын жалғастыруда.

Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында және Астана қаласында республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді