Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбелік спортшы полицей Қазақстан чемпионатында алтыннан алқа тақты

Ақтөбелік спортшы полицей Қазақстан чемпионатында алтыннан алқа тақты
Фото: polisia.kz

18-21 сәуір аралығында Астана қаласында панкратионнан Қазақстан чемпионаты өтті. Елорданың төрінде еліміздің ең мықты спортшыларының басын қосқан дүбірлі додада Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкері жеңіске жетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі рет әлем чемпионы атанған Айдын Төлепбаев 77 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағып, әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

Палуан полицей бұл чемпионатта 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында өзінің нағыз үздік екенін тағы да паш етті. Байрақты бәсекелерде намысты қолдан бермейтін Айдын Төлепбаев – Ақтөбе полициясының үздік қызметкерлерінің бірі, 10 жылдан астам уақыттан бері абыройлы қызмет етіп келеді.

Спортты жанына серік еткен полицей спорттың 4 түрінен (аралас жекпе жек, әмбебап жекпе-жек, панкратион, қоян-қолтық ұрыстан) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аралас жекпе-жек пен әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы. Өткен жылы палуан жігіт панкратионнан және қоян қолтық ұрыстан әлем әлем чемпионы атанған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді