Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында үй ауласындағы жылыжайда сора өсірген тұрғын анықталды

Қызылорда облысында үй ауласындағы жылыжайда сора өсірген тұрғын анықталды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында үй ауласындағы жылыжайда сора өсірген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында осы жылдың 3 айында 45 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде өсіру бойынша бір факт, өткізу бойынша – 7, аса ірі көлемде сақтау – 1 , жарнамалау бойынша бір дерек болған. Заңсыз айналымнан 2 келіге жуық есірткі заты алынған, оның ішінде 24,812 грамм синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Есепті мерзімде есірткі қылмысын жасағаны үшін барлығы 154 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында үй ауласындағы жылыжайда сора өсіріп, марихуана өндірген қала тұрғыны құрықталды. Фитозертхана анықталып, тінту барысында 214 түп сора өсімдігі мен 5 келіден аса марихуана және гашиш есірткі заты дәлелдеме ретінде алынды.

Есірткінің синтетикалық түрін анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде меф және a-PVP синтетикасын аса ірі мөлшерде тасымалдаудың екі дерегі анықталып, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды. Сонымен қатар, адам ұрлау және бопсалау деректері де анықталып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жүргзілуде.

Облыс орталығында полицияның кешенді күштерімен күнделікті нарядтарда көпқабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтары арасында тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы шолу жұмыстары жүргізіліп, есірткі жарнамалаудың бір дерегі анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады