Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда екі аптада жағалау бойына 200 шақырымнан асатын бөгеттер салынды

Атырауда екі аптада жағалау бойына 200 шақырымнан асатын бөгеттер салынды
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырауда Жайық өзенінің көтерілуіне және Иректі су қоймасынан су ағынының күшеюіне байланысты жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаланы су тасқынынан қорғау үшін қазіргі уақытта 238 шақырым бөгет салу жоспарланып отыр. Оның 203 шақырымы аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағалауды нығайту жұмыстарына 1028 техника тартылып, әртүрлі ұйымнан 3875 қызметкер, 3741 ерікті ат салысуда. Бүгінгі таңда қала 111 секторға бөлінген. Онда бөгет салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгін сенбілік аясында жағалауды нығайту жұмыстарына 126-дан астам ұйым және 8000-нан астам мемлекеттік қызметші, еріктілер, түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Талғайран ықшамауданында бөгет салған аппарат қызметкерлері қатысты.

"Табиғи апатқа қарсы күрес біздің қаншалықты біртұтас екенімізді көрсетті. Біз атыраулықтардың, түрлі компаниялар мен билік органдарының қаламызды қорғау үшін бірге жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Кәсібіне, жасы немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрқайсымыз өз үлесімізді қосудамыз. Біз кез келген қиындықты бірлігімізбен ғана еңсере аламыз", - деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы, Атырау облысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Жоспарланған 506,8 шақырым жағалаудың 423,95 шақырымына қорғаныс бөгеттері салынды. Орындалған жұмыс көлемі - 83,6%.

Сондай-ақ, 2,5 миллион қап төселді. Жұмыстарға 17 549 адам және 1 800 бірлік техника жұмылдырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады