Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су басқан үйлер саны азая бастады

Су басқан үйлер саны азая бастады
Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елдегі тасқын ахуалын баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Тасқынға қарсы жүргізілген іс-шаралардың арқасында 19 715 адам өз үйлеріне оралды. Тасқын басталғаннан бері 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 мал қауіпсіз жерге айдалды. Қазіргі таңда 8 821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуация пунктерін паналап жүр. 4 370 үй мен 2 737 ауладан су бұрылды. 10,5 млн астам текше метр қар суы сорып шығарылды, 3,4 млн құмқап және 1,4 млн тоннадан астам инертті материал төселді», — деді ресми өкіл.

Еске салсақ, министрліктің 18 сәуір, сағат 16.00-дегі ақпараты бойынша, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жер үй, мен 1 130 аула су ортасында тұрғанын мәлім еткен.

Министрлік өкілінің сөзінше, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй мен 1 091 аула әлі су ортасында тұр.

«Апаттар медицинасы орталығының психологтары тұрғындарға тасқынмен байланысты шұғыл психологиялық көмек көрсетіп, ақпараттық қолдау жасау үшін тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Жедел желі телефонына 1 971 қоңырау түсті», — дейді Динара Нұрғалиева.

Қазіргі таңда тасқынмен күреске еріктілерден бөлек 44 137 адам, 4 642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы,
12 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының 38 елді мекенінде табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше режимі жағдай сақталып отыр. Азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Үй мен эвакуация пунктерінен тиісті рұқсатсыз кетпеңіздер», — деді ТЖМ ресми өкілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты