Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тасқыннан эвакуацияланған адамның саны 97 мыңнан асты

Тасқыннан эвакуацияланған адамның саны 97 мыңнан асты
Фото: ҚР ТЖМ

Тасқынға байланысты елдің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай режимі енгізілген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Соңғы мәлімет бойынша, азаматтық қорғау қызметтері 97 мыңнан астам адамды, оның ішінде 32 мыңнан астам баланы құтқарып, эвакуацияланды. Қазіргі таңда уақытша орналастыру бекеттерін 7173 адам, оның ішінде 3494 бала паналап жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқару органдарының күшімен 8 млн 800 мың текше метрден астам қар суы сорылды. 1 млн 400 мыңнан астам қап және 1 млн 100 тонна инертті материал төселді», - деді ол.

ТЖМ өкілі тасқын салдарымен күреске 15 әуе көлігі тартылғанын атап өтті.

«Авариялық құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам, 3 мыңға жуық техника және 15 әуе кемесі жұмылдырылған. Еліміздің 8 өңірінде: Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстарында жергілікті аумақтағы 29 төтенше жағдай режимі енгізілген», - деді Ерасыл Сайпаш.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты