Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі ұзартылды

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі ұзартылды
Фото: ҚР ТЖМ

Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжат ТЖ режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен адамдардың салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзартуға бағытталған.

Әкімдік су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер келесі жеңілдіктерді пайдалана алады:

  • төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдырылады;
  • 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады;
  • мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады;
  • орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Бұдан өзге, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін салықтық тексерулер (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық тексерулер) тоқтатылды, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру және талап қою мерзімдеріне енгізілмейді.

Сонымен қатар, зардап шеккен адамдарға қатысты жаңа салықтық тексерулерді тағайындауды тоқтата тұру көзделген.

Сондай-ақ 2024 жылғы 1 наурыздан 1 шілдеге дейінгі кезең үшін мерзімінде төленбеген салықтар бойынша өсімпұл есептеу тоқтатылды.

Бұл өзгерістер 2024 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

МКК қазақстандықтарға мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ екенін, зардап шеккендердің тізімі әкімдіктерден алынатынын хабарлады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады