Павлодар полициясына сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері хабарлама берген күдіктіні анықтап жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
10 сәуірде Павлодар қаласының полициясына “Батырмолл” сауда орталығына бомба қойылды” деген шақыру келіп түсті. Барлық арнайы қызмет дереу көрсетілген мекенжайға жіберілді.
ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм фактісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Айтпақшы, осы қылмыстық бап бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жаза көзделген.