Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді

Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полицейлері көлік ұрлаудың 10 дерегінің бетін ашты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Audi автокөліктерін ұрлауды әдет еткен Жетісу облысының 35 жастағы тумасы ұсталды.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өз қылмысын мойындады. Ұрланған 6 көлік бүлінбеген күйінде табылды, олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде қосылды, күдіктінің айтуынша, тағы екі көлікті сатып үлгерген. Қазір қалған көліктердің қайда екендігі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты