Алматы полициясы ер адамды пышақтаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алатау ауданының полицейлері пышақ жарақатын салды деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 49 жастағы тумасын ұстады.
– 2 желтоқсанға қараған түні кезекші бөлімге қалалық ауруханалардың бірінен іш қуысында пышақ жарақатымен 27 жастағы ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушіден сұрақ-жауап алғаннан кейін дәмханалардың бірінде көрші үстелде отырған ер адамдар арасында жанжал болғаны белгілі болды. Соққыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда жедел-іздестіру шаралары барысында ол ұсталды. Бұл – 1974 жылы туған Б.есімді азамат. Күдікті өз іс-әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Асхат Дәулетияров.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.