Жс, 11 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әжесінің үйіне “синтетика” жасырған: СҚО полицейлері есірткі сатқан күдікті жасөспірімді ұстады

Әжесінің үйіне “синтетика” жасырған: СҚО полицейлері есірткі сатқан күдікті жасөспірімді ұстады
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері есірткі сатты деген күдікпен жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда жедел уәкілдер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен жасөспірімді ұстады. Ұсталған кезде жігіттен ішінде ұнтақ тәрізді ақ түсті зат салынған және сатуға дайындап қойған 10 түйіншек тәркіленді.

Тұрғылықты мекенжайынан есірткіні буып-түюге арналған материал табылып алынды. Күдікті есірткіні әжесінің үйінде сақтаған. Немересінің әрекетінен бейхабар әжесі үйінен ірі көлемдегі 3 пакет есірткі табылғанда қатты шошыды. Сараптама нәтижесі тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 191 грамды құраған α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.

Қолға түскен кезде күдікті 17 жаста болды. Қамауда отырғанда кәмелеттік жасқа толды.

– Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергелуде. Ұсталған жігіт қашықтықтан есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде небәрі 3 айға жақын уақыт жұмыс істеп үлгерген. Тәжірибе көрсеткендей, есірткі таратушылардың жұмыс мерзімі осындай, бұдан кейін олар қамауға алынып, сотталады. Жастардан жеңіл жолмен ақша табу туралы ұсыныстарға сенбеулерін сұраймыз. Аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында есірткі таратқаны үшін кәмелеттік жасқа толмаған 2 жасөспірім сотталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді