Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында балабақша тәрбиешісі 2 жасар баланы ұрған

Маңғыстау облысында балабақша тәрбиешісі 2 жасар баланы ұрған
Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі жасқа толмаған баланы ұрып-соққаны үшін балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы М., яғни балабақша тәрбиешісі  балабақшаның балаларға арналған жатын  бөлмесінде бола тұра, екі жасқа толмаған А-ны ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген. Сот отырысында М. жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін, бұл іс-әрекетінің өзіне өмірлік сабақ болғанын, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен. Сотталушының кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбаның көшірмесімен, куәлардан жауап алу хаттамасымен дәлелденді, – делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот үкіміне сәйкес, тәрбиешіге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 172 50 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан бір жылға айырылады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты