Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда тәрбиеші бес жасар балаға дене жарақатын салды деген күдікке ілінді

Павлодар полициясы мамандандырылған балабақша тәрбиешісіне шағымданған ананың арызын қарады, деп хабарлайды Polisia.kz.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, полиция өкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Instagram-дағы парақшалардың бірінде жазылған Павлодар тұрғынының шағымына назар аударған. Жазба авторы Павлодар қаласының мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісі кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салғанын айтқан. Аталған факт бойынша павлодарлық полицейлер тексеріс жүргізген. Нәтижесінде балабақша тәрбиешісінің 2017 жылы туған балаға дене жарақатын салғаны анықталған.

Сондай-ақ тағайындалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баланың денсаулығына жеңіл түрде зиян келген. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша балабақшаның 30 жастағы тәрбиешісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалған. Полиция материал сотта қаралатынын атап өтті. Құзырлы органға баланың бір заңды өкілі өтініш білдірген. Сондай-ақ құқық қорғаушылар тексеріс нәтижесі мектепке дейінгі мекеменің қызметкері мен басшысына қатысты тәртіптік шара қолдану үшін облыстық білім басқармасына жіберілетінін мәлім етті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты