Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Каспий теңізінде кен орыны маңында мұнай төгілгені анықталды

Каспий теңізінде кен орыны маңында мұнай төгілгені анықталды
Фото: pixabay.com

Каспий теңізінің "Қашаған" кен орыны аумағында мұнай төгілгені анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратпен желідегі парақшасында Атыраудағы "Глобус" экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының төрайымы Галина Чернова бөлісті.

"Ғарыш мониторинг мәліметі бойынша, Каспий теңізінде "Қашаған" кен орны маңында мұнайдың төгілгені анықталды. Осы мониторингі жұмысымен айналысатын топ бұл еуропалық Sentinel-1A жер серігінің радарына 30 наурызда (02:43 UTC) ілінген сәттің суреті екенін нақтылайды. Мұнда Қашаған кен орынының қазақстандық учаскесінде мұнай төгілгені сипатталған", деп жазды ол 1 сәуірде Facebook-тегі парақшасында.

Эколог оның мынадай себептері болуы мүмкін екенін нақтылайды:

  • өндіріс кезінде мұнайдың кездейсоқ немесе апатты жағдайда төгілуі,
  •  сақтау және кәдеге жарату үшiн құрлыққа тасымалдануы тиiс мұнай өнiмдерi бар өнеркәсiптiк судың ағуы,
  • кемелерде төтенше жағдай болуы мүмкін.

Чернованың мәліметінше, мұнай төгілді делінген аумақ шамамен 7 шаршы метрді құрайды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме жариялады. Онда Атырау облысы бойынша экология департаменті айналаны тексеру және сынама алу үшін теңізге шығуды ұйымдастырып жатқаны айтылады.

"Аталған фактілер расталған жағдайда Атырау облысы бойынша экология департаменті NCOC компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізеді", - деп атап өтті ведомстводан.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат берілетін болады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді