Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында ЖҚЕ бұзудың екі мыңнан астам дерегі анықталды

Атырау облысында ЖҚЕ бұзудың екі мыңнан астам дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бағытында Атырау облысында 15-17 наурыз аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 2024 дерегі анықталды. Атап айтар болсақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер саны – 42, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау саны – 7, ұсақ бұзақылық – 113, тыныштықты бұзу – 36, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 68, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы – 122, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы бойынша екі дерек тіркелді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру саны – 52, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы – 58, шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – 60, шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту бойынша 7 факті анықталды.

Сонымен қатар белгiленген жүру жылдамдығын арттыру – 1414, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – 3, жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу – 2, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 8, көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – 2, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 144 заң бұзушылық тіркелді.

Осы ретте, Атырау облысының полицейлері облыс тұрғындары мен қонақтарына жол кемшіліктерін болдырмауды және жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді