Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Медициналық қызметтерді тәуелсіз бағалау жүйесін құрудың маңызы зор — Мәулен Әшімбаев

Медициналық қызметтерді тәуелсіз бағалау жүйесін құрудың маңызы зор — Мәулен Әшімбаев
Фото: gov.kz

Жыл сайын елімізде ұлттық денсаулық сақтау саласына қомақты қаржы бөлінеді. Былтыр бұл көрсеткіш 2,6 триллион теңгені құраған. Алайда, одан медициналық қызметтің сапасы жақсара қойған жоқ. Бұл салада міндетті медициналық сақтандыру жүйесі сияқты әлі де болса шешілмеген түйткілдер бар. Бүгін Сенат отырысында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңды қарау барысында Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі бойынша маңызды мәселелер бар. Былтыр барлығын есептегенде осы салаға 2,6 триллион теңге бөлінді. Бұл — ауқымды қаражат. Соған қарамастан, қызметтердің сапасы әрдайым жоғары деңгейде бола бермейді. Өткен жылы Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік сауалнама жүргізді. Олардың зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 56 пайызы жедел медициналық көмек орталықтарының қызметіне наразылықтарын білдірген. Жалпы, медициналық қызмет бойынша да нәтиже осыған ұқсас. Сондай-ақ азаматтар білікті мамандардың болмауы, ұзын-сонар кезек, дәрі-дәрмектің және көрсетілетін қызметтердің тым қымбат болуы сияқты мәселелерге назар аударған», — деді М. Әшімбаев. 

Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты да осындай олқылықтардың бар екенін айтып жүр. Сондықтан Сенат төрағасы медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандырудың жаңа жүйесіне көшу кезінде олардың қызметін тәуелсіз бағалау жүйесін құру аса маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол бұл ретте норманың тиімділігіне мониторинг жүргізу депутаттар мен мемлекеттік органдардың міндеті екенін де айтты. Осы істе сенаторлар қажет болса жаңа қадамдар жасауға да дайын.

«Біз медицина қызметкерлері мен пациенттердің мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауымыз керек. Бұл норманың одан әрі орындалуын, қалай жұмыс істейтінін қарау қажет. Мүмкін комиссияларды медициналық мекемелерден бөлу керек шығар. Олар денсаулық сақтау департаменттерінің немесе басқа құрылымдардың жанында жұмыс істегені дұрыс болар. Егер пациенттердің сапасыз қызметтерді алуға қатысты шағымдарын тәуелсіз бағалау жолға қойылса, сақтандырудың бүкіл жүйесі іске қосылады. Біздің тиісті Комитет осы мәселемен айналысады. Бәрін зерделеп, біраз уақыттан кейін аталған нормаға қайта оралуымыз да мүмкін», — деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралды. Азаматтарды сапалы және кеңінен медициналық көмекпен қамтамасыз ету, пациенттердің мемлекет кепілдік берген құқықтарын іске асыру, медициналық мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру заңның негізгі міндеттері екенін атап өткен жөн.

Талқылау нәтижесінде сенаторлар заңды концептуалды түрде қолдады. Сондай-ақ оған бірқатар өзгерістер енгізіп, құжатты жаңа редакциямен Мәжіліске қайтарды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді