Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семей көшелерін су алып кетті

Семей көшелерін су алып кетті
Фото: бейнескриншот ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Семей қаласындағы жағдай туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Семей қаласында сыртқы ауа температурасының көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты қаланың 4 аула аумағы мен 5 көшесі су астында қалған.

– Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды. Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды, – деп хабарлайды министрлік.

Қазір қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалған. Жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылған. Еріген суды сорғымен тарту жұмыстары аяқталған. Қазір қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады