Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында қос азаматтыққа қатысты 400-ден астам дерек тіркелген

Қарағанды облысында қос азаматтыққа қатысты 400-ден астам дерек тіркелген
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында жыл басынан бері қос азаматтыққа қатысты 400-ден астам дерек тіркелген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасымен азаматтар арасында қос азаматтық мәселесін анықтау бойынша үнемі жұмыс атқарады. Мәселен, жыл басынан бастап өңірде өзге елдің азаматтығы болу немесе алуға байланысты 400-ден астам қос азаматтық дерегі тіркелген. Осыған орай 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Қолданыста бар заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар адам, өзге елдің азаматтығын қабылдаса 30 күн ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына келіп, Қазақстан Республикасының төлқұжатын және жеке бас куәлігін тапсыру керек. Тапсырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-тармағына сәйкес елден шығару және Қазақстан Республикасы аумағына кіруге 5 жылға дейін шектеу қою, сонымен қатар 738 400 теңге айыппұл қарастырылған, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марина Тен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады