Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында 19 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды

Қызылорда облысында 19 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында 19 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан Қызылорда облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасымен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын сақтау бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 19035 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 18660-ы ТМД елдерінен, ал 375-і алыс шетелдерден келгендер.

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 1058 шетелдік анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 237 шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік жолмен республика аумағынан 82 шетелдік шығарылды.

– Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның 448 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 70 Қазақстан Республикасының азаматына әкімшілік шара көрілді, – дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон полиция басқармасының бастығы Аруын Жолдасбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді