Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция ведомствосында ІІО зейнеткерлеріне үндеу жасалды

Полиция ведомствосында ІІО зейнеткерлеріне үндеу жасалды
Фото: polisia.kz

Полиция ведомствосында ішкі істер органдары зейнеткерлеріне үндеу жасалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Құрметті зейнеткерлер!

Бүгінгі таңда базалық зейнетақы тағайындауды қайта бастау, 1998 жылдан кейін қызметке қабылданған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысын индекстеу, зейнетақы жинағын алу сияқты маңызды әлеуметтік мәселелер бар екенін білеміз.

Бұл мәселелер толық зерделеуді қажет етеді. Мұнымен арнайы жұмыс тобы айналысуда. Оған Ішкі істер министрлігінің өкілдері де кіреді.

Бұл сұрақтар бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы және тұрақты негізде шешілуде.

Мәселен, былтыр шілде айынан бастап барлық зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және ем алу үшін шешіп алуға мүмкіндік берілді. Зейнеткерлердің негізгі бөлігі осы құқықтарын пайдаланып үлгерді.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1998 жылдан кейін қызметке қабылданған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысын индекстеудің құқықтық мәселесін пысықтауда.

Бұл заң жобасын биыл 26 ақпанда Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады.

Сіздер көтеріп отырған базалық зейнетақы мәселесі де шешілуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылға дейін және одан кейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысындағы дисбалансты жою үшін түрлі тәсілдерді қарастыруда.

Ішкі істер министрлігі өз тарапынан барлық қажетті есептерді ұсынып отыр.

ІІМ өзінің зейнеткерлеріне құрметпен қарайтынын және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға белсенді қатысатынын атап өту қажет, – деді ІІМ қаржымен қамтамасыз ету департаментінің бастығы Рүстем Тұрсынбаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты