Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өндірістік өңдеу деңгейін арттыру қажет: Олжас Бектенов Павлодар облысының аса ірі жүйе құраушы кәсіпорындарында болды

Өндірістік өңдеу деңгейін арттыру қажет: Олжас Бектенов Павлодар облысының аса ірі жүйе құраушы кәсіпорындарында болды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экспортқа бағдарланған өнеркәсіпті дамыту және Павлодар облысының кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысы KSP Steel, «Қазақстан Алюминийі», «Қазақстандық электролиз зауыты», Ақсу ферроқорытпа зауыты және Ақсу электр стансасында болды. Бұл бизнес алыптары облыс экономикасына қомақты үлес қосуда.

Олжас Бектенов  өңірге жұмыс сапары аясында мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлар, арматура және басқа да өнімдер шығаратын KSP Steel зауытының өндірістік цехтарына барды. Премьер-Министр технологиялық процестің ерекшеліктерімен және дайын өнімнің үлгілерімен егжей-тегжейлі танысты.

Бүгінгі таңда KSP Steel – 4,5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болат балқыту секторындағы екінші маңызды кәсіпорын. Негізгі проблемалық мәселелердің бірі – зауыттың толық өндірістік қуатқа шығуы.

Премьер-Министр қазіргі уақытта Үкімет отандық өндірушілерді толық өндірістік қуатқа шығару үшін тиісті жағдай жасауға күш салып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, компания қажетті инвестицияларды сала отырып, өндірісті жаңғыртуы және тұтынушылармен тікелей оффтейк-келісімшарттар жасасуы тиіс.

Үкімет басшысы сондай-ақ әлемдегі жетекші алюминий өндірушілерінің бірі «Қазақстан Алюминийі» АҚ қызметімен танысты. Зауытта 30-дан астам металлургтер династиясы еңбек етуде. Кәсіпорын құрамында Павлодар тұрғындарының 40%-ын жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу электр стансасы жұмыс істейді. 

Олжас Бектеновтің айтуынша, қолданыстағы алюминий кластері тек өңір үшін ғана емес, бүкіл республика үшін үлкен маңызға ие.

«Өндірістік өңдеу деңгейін арттыру және экологиялық талаптарды ескере отырып, кәсіпорынды техникалық жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру қажет», — деді Премьер-Министр.

Әрі қарай Үкімет басшысы отандық металлургия флагманы саналатын «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ қызметімен танысты. Кәсіпорын әлемдегі алюминий өндірісі алыптарының ішіндегі үздік ондыққа кіреді.

Олжас Бектенов қосылған құны анағұрлым жоғары отандық өнім шығарудың келешегі зор екенін, сондықтан ел ішінде қайта өңдеу дәрежесін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі саналатын Ақсу ферроқорытпа зауытында болып, Ақсу электр стансасының энергия блоктарын ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. 

Қазіргі уақытта ферроқорытпа зауытында пештерді кезең-кезеңімен жөндеуді көздейтін цехтардың бірін жаңарту жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде электр энергиясын тұтынуды 25%-ға дейін төмендетіп, пештің өнімділігін 35%-ға дейін арттыру күтілуде.

Бүгінде Ақсу электр стансасында энергия блоктарын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы еліміздің коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғыртуды жеделдету бойынша міндет қойған болатын. Осыған байланысты 700 мегаваттан астам қосымша генерацияны енгізу жоспарланып отыр

Өнеркәсіптік нысандарды аралаған Олжас Бектенов шикізатты одан әрі өңдеу бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ экономиканы индустрияландыру қарқынын қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді