1 наурыздан азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылу басталды. Астана қаласынан мыңнан аса жігіт әскерге жіберіледі. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ. Биыл әскер қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңнан астам ер азамат толықтырады. Оның ішінде Қарулы Күштерге 9 000-нан астам адам; Ұлттық ұланға 6 000-нан астам адам; ҰҚК Шекара қызметіне 3 000-ға жуық адам; Төтенше жағдайлар министрлігіне 300-ден астам адам; Мемлекеттік күзет қызметіне 300-ге жуық адам шақырылады.Айдын Сағынбековтің айтуынша, Астана қаласынан 1 000-нан астам жігіт әскерге жіберіледі.
Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату азаматтарға Электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады. Аталған қызметтерді көрсетуге жауапты жергілікті атқарушы органдар болып саналады.
Әскердің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебі жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық форматқа ауыстырылды.Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет іске қосылды. Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бірде-бір құжатсыз ала алады. Азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алады. Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін цифрландыру жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселені қашықтан шешуге мүмкіндік береді.
«Қымбатты Отандастар! Мемлекет Басшысы айтып өткендей, еліміздің Тәуелсіздігін және аумақтық бүтіндігін қорғау Қарулы Күштердің басты міндеті болып саналады. Сондықтан жастарды тәрбиелеу және оларды Отанды қорғауға даярлау – мемлекеттің және қоғамның маңызды міндеті», - деді Айдын Сағынбеков.