Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте жер қатынастары саласында бірқатар кешенді тәсіл мен жүйелі шара әзірленіп жатыр

Үкіметте жер қатынастары саласында бірқатар кешенді тәсіл мен жүйелі шара әзірленіп жатыр
Фото: primeminister.kz

Жұмысты қайта форматтау және өңірлердегі халықты жайылымдармен қамтамасыз ету – Пайдаланылмай жатқан және заң бұзушылықпен берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссияның алдында 2024 жылға осындай міндет тұр. Вице-премьер С. Жұманғариннің төрағалығымен өткен комиссияның кезекті отырысында осы бағытта не істелгені, сондай-ақ жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қайтарылған жерлерді қайта бөлу және топырақтың деградациясына қарсы күресті күшейту арқылы өңір тұрғындарының жайылым орындары қажеттіліктерін қамтамасыз ету – осындай мүмкіндіктерді жақында Жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша қабылданған заң беріп отыр. Жинақталған мәселелерді шешу және жер саласындағы жағдайды жақсарту үшін Үкіметте бірқатар кешенді тәсіл мен жүйелі шара әзірленіп жатыр. Олардың ішінде қызмет көрсетудің қағазсыз форматына көшу және жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыру бар. Бұл ретте жер мәселелеріне байланысты барлық рәсімді цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және жергілікті жерлерде жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қазақстанда 2023 жылы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпарат жүйесі іске қосылды. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскелерін берудің электрондық тәртібі заңнамалық түрде енгізілді. Цифрлық ауыл шаруашылығы карталары жасалуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы 145 млн га ауыл шаруашылығы жерлері цифрландырылды, бұл еліміздің ауыл шаруашылығы алқаптары аумағының 77%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруды 2025 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.Бұдан басқа мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпарат жүйесі базасында қағаз бетінде жүзеге асырылатын жер қатынастары саласындағы функцияларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Комиссия отырысында ақпарат жүйелерін интеграциялау процесінде туындайтын негізгі қиындықтар қаралды.

«Қайтарылған жерлер бірінші кезекте ауылдар мен аудандардың тұрғындары үшін жайылым тапшылығын төмендетуге тиіс. Шалғайдағы жайылымдарды пайдалану қажет. Мұны қалай жасау керектігін келесі отырысқа дайындауды тапсырамын. Сондай-ақ жайылымдарды жоспарлы басқаруды қамтамасыз ету, олардың деграациясын болдырмауға назар аудару және ауылдық жерлерде цифрландыру мәселесін шешу қарқынын жеделдету қажет. ЦДИАӨМ ӨҚМ және әкімдіктермен бірлесіп, оның техникалық дайындығын қамтамасыз ете отырып, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпарат жүйесінің бар кемшіліктерін пысықтауы қажет», — деді отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті