Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған

Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған
Фото: pixabay.com

Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқты жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалалық ПД-ның киберполицейлері құрықтады. Ұсталған азамат Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны.

Тергеу барысында анықталғаны, ол бұрын-сонды осы қонақ үйде бірнеше рет болып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алған. Кейін оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырды. Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын жеткізген. Сенгіш азамат бірден қажет соманы айтылған шотқа аударған.

Уақыт өте алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға осы жайт туралы хабарлаған. Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Құқық қорғаушылар бейтаныс тұлға қоңырау шалып, түрлі мәселеңізді шешу үшін ақша талап етсе, әңгімені үзіп, ақпаратты тексеруді ескертеді. Аса қырағы болып, жақындарыңыз бен таныстарыңызға алаяқтықтың түрлері туралы ақпарат беріңіз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді