Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана полицейлері 15 минуттың ішінде көлік ұрысын қолға түсірді

Астана полицейлері 15 минуттың ішінде көлік ұрысын қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Астана полициясына ер адам көлігінің ұрланғаны жөнінде шағым түсірген. Тәртіп сақшылары 15 минут ішінде көлікті тауып, иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 ақпан күні Алматы аудандық полиция бөліміне Абылайхан көшесінде көлік ұрланғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Volkswagen Passat көлігін тұрақта тұрған жерінен белгісіз біреу айдап кеткен. Жәбірленушінің сөзінше, ол темір тұлпардың кілтін көлік ішіне қалдырып кеткен. Көліктің иесіз, әрі кілтімен тұрғанын байқаған күдіктілер дереу әрекетке көшкен.

Көлік иесі сағат 22:30-да тұрақта көлігінің жоқ екенін біліп, дереу полицияға хабарласты. Ал кезекші бөлім жақын маңда жүрген жол полиция қызметкерлеріне нұсқаулық беріп, күдікті Кенесары көшесімен келе жатқанын баяндаған. Содан күдікті азаматты полиция қызметкерлері Байболат Мерей мен Ернат Бейсенбаев қаладағы камералардың көмегімен Кенесары мен Республика көшесінің қиылысында ұстады. Күдікті оқиға орнынан сытылып кетпек болды. Көлік салонында белгісіз үш адам отырды.

Ал ұрлық жасаған азамат бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Тергеп тексеру амалдары басталды.

Ұрланған көлік – иесіне қайтарылды. Журналист Уатхан Біләл тыңғылықты әрі тиянақты, шұғыл іс әрекеті үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді